1 Шілде, 15:11 384 0 Жаңалықтар Анар ЛЕПЕСОВА

COVID-19: Ауруханаға қандай науқастар жатқызылады

Бұдан былай елімізде коронавируспен ауыр және орта дәрежеде ауырып жатқан адамдар ғана ауруханаға жатқызылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты. 

«Қазіргі таңда коронавируспен ауыр және орта дәрежеде жатқан науқастар ғана ауруханаға жатқызылады. Сонымен қатар КВИ расталмаған, алайда пневмониямен түскен адамдар да ауруханада емделеді. Ал КВИ-ді жеңіл немесе белгісі жоқ күйде көтеретіндер амбулаториялық жағдайда емделуі тиіс. Себебі онсыз да стационардағы төсек-орын бос емес. Сол себепті КВИ-ді жеңіл немесе белгісі жоқ күйде көтеретін азаматтар үйінде емделіп, уческелік дәрігердің бақылауында болуы тиіс», - деді Л.Бюрабекова. 

Айта кетейік, бұған дейін Людмила Бюрабекова Қазақстанда әр адамға дәрі-дәрмек шектеулі түрде сатылатынын мәлімдеген.

 

Соңғы жаңалықтар