Ертең елімізде «Абай ТВ» телеарнасы іске қосылады

Ертең елімізде «Абай ТВ» телеарнасы іске қосылады

Ертең елімізде «Абай ТВ» телеарнасы іске қосылады
ашық дереккөзі
30 маусымда «Абай ТВ» телеарнасы іске қосылады.  Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.  Министрдің айтуынша, ведомство отандық ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін дамыту және арттыру бойынша дәйекті жұмыстар жүргізуде. Қазіргі уақытта екі жаңа «Абай ТВ» және «Әл – Фараби» телеарналарын ашу мәселесі қарастырылуда. «Абай ТВ» телеарнасын ертең - 30 маусымда іске қосамыз. Ол «Қазақстан» ТРК құрамына кіреді және отандық мәдениеттің байлығы мен мұрасына арналған жаңа арна болады, - деді ол. Аида Балаеваеның айтуынша, екінші «Әл – Фараби» тележобасы «Хабар» агенттігінің базасында оқу жылының басында іске қосылады. «Әл-Фараби» арнасы 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер аудиториясы бар жаңа білім беру – ағарту телевизиялық платформаға айналады. Мұндай арнаның өзектілігі әсіресе, пандемия кезінде байқалды, - деді ол. Сондай-ақ, министр отандық сериалдық өнімдер өндірісі жалғасатынын айтты. "Биыл 42 сериал өндірісі жоспарланған. Көрермендер назарына отбасы құндылықтары, волонтерлердің қызметі туралы қызықты жобалар, педагогтар, дәрігерлер, полицейлердің имиджін көтеруге, саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталған сериалдар ұсынылады", - деді ол.