28 Маусым, 18:56 446 0 Жаңалықтар Анар ЛЕПЕСОВА

Тұрғын үй қабырғасындағы есірткі жарнамасы ақтаулықтардың наразылығын тудырды

Ақтаудағы шағынаудандардың бірінде есірткі жарнамасы пайда болып, тұрғындар наразылық білдірді, – деп хабарлайды Lada.kz.

Жарнама 14 шағынаудандағы тұрғын үйлердің бірінде пайда болған.

«Есірткіні ашық жарнамалайтын болып кеткен. Бұл заттармен біздің жастарымыз бұзылады. Бұл шектен шығу. Мұндай жарнаманың шыққаны сұраныс бар деген сөз. Бұның алдын алу үшін құзыретті органдар кірісуі керек», – дейді Меруерт есімді жергілікті тұрғындардың бірі.

Оның айтуынша, бұл қалада орналасқан алғашқы есірткі жарнамасы емес.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері еріктілермен бірге тұрақты түрде осы секілді «суреттерді» өшіру акциясын өткізетінін атап өтті.

«Облыс тұрғындары мен қала қонақтарын осы секілді жазулар туралы полицияға хабарлап тұруға шақырамыз», – дейді ведомство өкілдері.

Соңғы жаңалықтар