Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
ашық дереккөзі
Бүгін БАҚ қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты жиында танымал журналист Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. «Жігер» сыйлығына өтініш 2020 жылдың 26 мамыр мен 15 маусым аралығында mdq.kz сайтында қабылданды. Байқау ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылды. Ұлттық сыйлықтың басты мақсаты – ардақты азамат, елімізге белгілі тележурналист Бейсен Құранбектің есімін мәңгілікке сақтап қалу және талантты жас журналистерді таныту, олардың кәсіби жағынан одан әрі дамуына қолдау көрсету. «Жігер» сыйлығының «Әлеуметтік тақырыптағы үздік сюжет» аталымында «Хабар 24» телеарнасының тілшісі Мерей Шомаханова, «Әлеуметтік тақырыптағы үздік мақала» аталымында «Egemen Qazaqstan» газетінің ШҚО-дағы тілшісі Азамат Қасым, «Әлеуметтік тақырыптағы үздік фотосурет» аталымында Pavlodarnews.kz ақпарат агенттігінің фототілшісі Ольга Бугаева, «Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал» аталымында «Алматы» телеарнасының редакторы Ақжелең Рахатдинқызы алғашқы иегері атанды.