Ресейде референдум басталды

Ресейде референдум басталды

Ресейде референдум басталды
ашық дереккөзі

Ресейліктер 1 шілдеге дейін өз таңдауын жасай алады. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты сайлау учаскелерінде адам көп жиналмас үшін дауыс беру процесі жеті күнге созылған.

"Настоящее время" арнасының хабарлауынша, Ресейде - 96,5 мыңнан аса, 144 елде 254 сайлау учаскесі ашылған. Тұрғындар сайлау учаскесіне барып дауыс бере алады. Сондай-ақ, қашықтан және "мобильді сайлаушы" механизмі арқылы дауыс беруге мүмкіндік бар. Елде күн сайын 7 мыңнан астам адам індет жұқтырып жатқан шақта референдумның өтуі ақ халаттыларды алаңдатқан болатын. Дәрігерлердің көңілін жайландыру үшін ел билігі қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуын қамтамасыз етуге уәде берді. Егер ресейліктердің басым бөлігі Конституцияға енгізілген өзгерісті қолдаса, елдің қазіргі президенті 67 жастағы Владимир Путин 2036 жылға дейін мемлекетті басқару мүмкіндігіне ие болмақ.