24 Маусым 2020, 11:51 689 0 Экономика Анар ЛЕПЕСОВА

Қазақстанда инвестициялық салық кредиті енгізілуі мүмкін

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Қазақстанда инвестициялық салық кредитін енгізуді ұсынды. 

«Инвестициялық салық кредитін енгізу ұсынылады. Кредит корпоративтік табыс салығы және мүлік салығы бойынша 3 жылға беріледі. Ол пайызсыз болады, бірақ шарттар орындалмаған жағдайда өсімпұл есептеледі», - деді министр Мәжілістің жалпы отырысында.

Р.Дәленовтің айтуынша, мақтаны қайта өңдеуге, ашытқы, кондитерлік өнімдер, қант қызылшасынан қантты өндіруге есептелген қосылған құн салығын азайту бойынша норманы қолдану ұсынылады. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді, өндіріс көлемін ұлғайтуды ынталандырмақ.

«Экспорт кезінде қосылған құн салығын қайтару рәсімін оңайлату мақсатында отандық өндірушілер үшін қосылған құн салығын жеңілдетілген түрде қайтару құқығын беру ұсынылады: яғни тексерусіз – 50%, қалған 50% - тексеруден кейін», - деді ведомство басшысы.

 

Соңғы жаңалықтар