18 Маусым, 19:07 625 0 Денсаулық Арайлым Бимендиева

Несіпбек Дәутайұлы: Елбасы да ет пен сүйектен жаралған адам

– Дүние жүзін дүрліктіріп отырған бұл ауру адамды жасына, қызметіне, әлеуметтік жағдайына қарап таңдамайды. Адам атақты, даңқты болса, олар ауырмайтындай көретін бір көзқарас бар. Жер бетінде өмір сүріп жатқан баршамыз Жаратушының алдында әлем үшін, қоғам үшін, жалпы біздің ар-ұятымыз үшін адамның барлығы бірдей.

Осы кезеңде біз тарихи, рухани қуатымыздың әлсіздігін сезіндік, яғни ешнәрсеге біз дайын емеспіз. Мынадай қатты дүрбелең келген кезде біз бәрін ұмыттық. Ұлт ретінде кім екеніміз көрініп жатыр, ортақ мүдде жолында емес, әрқайсысымыз өз бетімізге жүрген сияқты елестейді. Ел-жұрттың саулығына қарағанда, өз басымыздың саулығын ойлап жатырмыз. Ел-жұрт болмаса саулықтың керегі не? Ел-жұртымыз аман болсын деу керек. Содан кейін мемлекет талап еткен санитарлық талаптарды орындауымыз қажет. Бірақ осы талаптардың аяқ асты қалып, орындалмай отырғаны қынжылтады. Көпшілік вирустың бар екеніне сенбей, мән бермей, тіпті сол ойына өзгелерді де иландырғысы келіп жүр. Одан бөлек, көшеде емін-еркін қыдырыстап, қалыпты өмірге көшіп кетті.

Елбасы да ет пен сүйектен жаралған адам. Президент те, ел-жұртымыз да аман болсын деп тілеймін. Әр адам өзінің ғана емес, ел-жұрттың да амандығын ойлап, тілектес болғаны керек. Ауырғанның бәрі аман-есен жазылып кетсін деп отырмыз. Қазақтың саны онсыз да аз. Аурудан бір адам өмірден өткен сайын, санымыз азая береді. Елбасының денсаулығын тілейтін халық ел-жұрттың да амандығын ойлайды.

Соңғы жаңалықтар