Журналистердің бейбіт шерулер кезіндегі қызметтік қағидалары әзірленді

Журналистердің бейбіт шерулер кезіндегі қызметтік қағидалары әзірленді

Журналистердің бейбіт шерулер кезіндегі қызметтік қағидалары әзірленді
ашық дереккөзі
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен журналистің бейбіт жиналыстар кезіндегі қызметтік Қағидалары талқыланды. Министр аталған Қағидалар жергілікті атқарушы органдар мен БАҚ-тың өзара іс-қимыл тәртібін анықтау үшін, сондай-ақ, бейбіт жиналыстар өткізу орындарында өздерінің кәсіби қызметін жүзеге асыру кезіндегі журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет екенін атап өтті. Қағида «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» жаңа Заңды іске асыру шеңберінде заңнамаға енгізілген соңғы түзетулерге сәйкес әзірленді. Министр жаңа Қағидада жергілікті атқарушы билік өкілдерінің БАҚ-пен өзара іс-қимылы бойынша функциялар енгізілгенін, сондай-ақ ерекшелік белгілерінің түрлерін бекіту қарастырылғанын айтты. Талқылауға қатысқандар ерекше белгілердің түрлеріне, жедел баспасөз орталығының аумағында да, одан тыс жерлерде де журналистердің еркін жүріп-тұруын қамтамасыз етуге, редакциялық тапсырманың болуына, жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне де осы Қағиданың ережелерін түсіндірудің маңыздылығына қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын жеткізді. Онлайн-талқылау қорытындысы бойынша А.Балаева ҮЕҰ мен өңірлік БАҚ өкілдерінің барлық ұсыныстары мен ескертулері егжей-тегжейлі зерделенетінін және ескерілетінін, ал жоба ары қарай талқылау үшін нормативтік-құқықтық актілердің ашық порталында жарияланатынын айтты.