Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің 50 пайызы жұмысты қашықтан жалғастырады

Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің 50 пайызы жұмысты қашықтан жалғастырады

Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің 50 пайызы жұмысты қашықтан жалғастырады
ашық дереккөзі
ҚР Бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша елімізде мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен өзге де кеңселердің жұмыс тәртібі бекітілді.  «Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар COVID-19 сырқаттанушылығының өсуі 7 күн ішінде 5%-дан аспайтын деңгейге жеткен жағдайда осы қаулыға 23-қосымшаға сәйкес әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, басқа да кеңселердің қызметін қамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс істеу нысанында қалады (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда)», - делінген Айжан Есмағамбетованың 6 шілдеде шыққан қаулысында. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанға шетелден келгендер 2 күн карантиндік стационарда оқшауланатынын хабарлағанбыз.