COVID-19: Қазақстанда ресми статистикадан тыс тағы қанша адам көз жұмды?

COVID-19: Қазақстанда ресми статистикадан тыс тағы қанша адам көз жұмды?

COVID-19: Қазақстанда ресми статистикадан тыс тағы қанша адам көз жұмды?
ашық дереккөзі
Коронавирустың ресми статистикасында тіркелген 48 адамнан бөлек, елімізде індет жұқтырғандардың тағы 37-сі көз жұмған. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, бүгінге дейін коронавируспен тіркелген 12 124 адамның 48-і қайтыс болды. Бұл - науқастардың 0,4 пайызы. «Әрине, бұдан бөлек 37 жағдайда басқа аурудан қайтыс болған науқаста коронавирус болғандықтан, олар да тіркеуге алынды. Бірақ, біздің ресми статистикаға кіргізген жоқпыз. Оның себебі - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тәртібі, регламенті бойынша диагноз қоямыз», - деді ведомство басшысы. Е. Біртанов Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 1 пайызы ғана ауыр жағдайда екенін жеткізді.  Сондай-ақ,  елімізде 100 мың тұрғынға шаққанда вирустан көз жұмғандардың үлесі - 0,3 пайызды құрайтынын атап өтті. Министрдің сөзінше, бұл өзге көптеген елдерге қарағанда айтарлықтай төмен көрсеткіш. Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі елімізде коронавирусты симптомсыз өткеретін науқастарды емдеу тәсілі өзгеретінін мәлімдеген болатын.