Алматыда дәрігерлерге үстемақы төлеуге 5,5 млрд теңге бөлінді

Алматыда дәрігерлерге үстемақы төлеуге 5,5 млрд теңге бөлінді

Алматыда дәрігерлерге үстемақы төлеуге 5,5 млрд теңге бөлінді
ашық дереккөзі
Алматыда коронавирус эпидемиясына қарсы шараларға 9 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген. Оның 5,5 миллиард теңгеден астамы коронавирусқа қарсы күресіп жатқан денсаулық сақтау нысандары қызметкерлерінің жалақысына қосымша үстемеақы ретінде қарастырылған. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қордың хабарлауынша, вирусқа қарсы күреске жұмылдырылған медицина нысандарының тізімін Алматы әкімдігіндегі арнайы комиссия бекіткен. Тізімге сәйкес, сәуір айы үшін медицина мамандарына төленетін үстемақы 1,5 миллиард теңгені құрады. «Маусымның біріндегі мәлімет бойынша, алматылық 5398 медицина қызметкерінің жалақысына қосымша ақы ретінде 1,5 миллиард теңге төленді. Қазіргі таңда қалада эпидемияға қарсы іс-шараларға 86 денсаулық сақтау нысаны жұмылдырылған. Естеріңізге сала кетсек, қосымша төлемдер денсаулық сақтау саласы қызметкерінің өміріне төндіретін қауіп деңгейіне қарай төленеді» , - деді ӘМСҚ Алматы филиалы басшысы Тілеухан Әбілдаев.