Ерлан Саиров: Қазақстанға қарағанда көршілеріміздің шекара мәселесі әлі күрделі

Ерлан Саиров: Қазақстанға қарағанда көршілеріміздің шекара мәселесі әлі күрделі

Ерлан Саиров: Қазақстанға қарағанда көршілеріміздің шекара мәселесі әлі күрделі
ашық дереккөзі
31 мамырда Қырғызстанның Баткен облысында Өзбекстанмен шекаралас аумақта 10 адам арасында қақтығыс болды. Қырғызстанның Чечме ауылы мен Өзбекстанның Чашма ауылы тұрғындарының арасында дау шықты. Бұл мәселе турасында қоғам белсендісі, саясаттанушы Ерлан Саиров фейсбук-парақшасында пікір білдірді. 
Қырғыз-өзбек қақтығысы орын алды. Екеуі де бауырлас елдер, екеуі де өмір бойы егіншілікпен айналысып келе жатқан еңбекқор халық. Бізді ортақ тарих, әдет-ғұрып, салт-дәстүр байланыстырады. Болмыс-бітімімен бізге туыс мемлекеттердің жер-су дауы үшін қақтығысып жатқанын көріп көңілің құлазиды екен. Бүгінгі заманның трагедиясы. Бұл екі ел арасындағы шекара мәселесі күні бүгінге дейін реттелген жоқ. Кеңес дәуірінде, бауырлас мемлекеттердің шекаралары белгіленіп жатқан уақытта, әр республикада басқа ұлт өкілдері өмір сүретін аумақтар (анклав) қалып кетті. Бұдан этника аралық қақтығыстар туындап отырды және әлі күнге дейін жалғасуда. Қазақстан шекаралас мемлекеттердің ешбірімен қақтығысқан жоқ, өйткені, барлық көршісімен шекара мәселесі реттелген. Елбасы Н.Назарбаевтың сараланған әрі сарабдал саясаты мен дипломатиялық дұрыс қадамдарының арқасында біз көршілес елдермен шекара мәселесін саналы һәм бейбіт түрде шешіп алдық. Барлық құжаттар рәсімделген және БҰҰ-ның қорында (депозитарий) сақтаулы. Бұл істе өскелең ұрпақ үшін Елбасының сіңірген еңбегі зор. Біз әлем көрінісі өзгеріс тауып, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жаһандық ахуал құлдырап жатқан қиын кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Бұл кезеңде тарихи һәм дәстүрлі территориялық шекарамызды негіздеп алу – аса маңызды аспект десек, біз бұл мәселені уақтылы шештік, енді өркениет деңгейінде бұл бағытымыздан таймауымыз қажет. Қиын кезең...