29 Мамыр, 14:52 702 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

COVID-19: Ресейде 4374 науқас көз жұмды

Өткен тәулікте Ресейде коронавирус індетін жұқтырудың 8572 жаңа дерегі тіркелді. Науқастардың 39,4 пайызында аурудың клиникалық белгілері байқалмаған. Бұл туралы елдегі індетпен күрес жөніндегі жедел штаб хабарлады.

Сондай-ақ, бір тәулікте коронавирустан 232 адамның көз жұмғаны белгілі болды. Ал емделіп шыққандар саны – 8264.

Індет таралғалы елде барлығы 387 623 науқас тіркелген. Қатерлі вирустан 4374 адам көз жұмып, 159 257 адам айыққан.

Айта кетейік, әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 5 816 706-ға жетті. Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індеттен дүние жүзінде 360 437 адам қайтыс болған.

Ал Қазақстанда қатерлі вирус 9932 адамнан анықталды. Өткен тәулікте індет жұқтырудың 356 жаңа дерегі тіркелді.

Соңғы жаңалықтар