ЖОО оқытушыларының жалақысы көбейеді – Қ.Тоқаев

ЖОО оқытушыларының жалақысы көбейеді – Қ.Тоқаев

ЖОО оқытушыларының жалақысы көбейеді – Қ.Тоқаев
ашық дереккөзі
Елімізде ЖОО оқытушыларының жалақысы артады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.  «Қазіргі таңда көпшілік оқытушылардың еңбегі қаншалықты маңызды екенін түсінді деп ойлаймын. Біз «Педагогтар мәртебесі» заңы аясында мұғалімдерді ынталандыру шараларын қарастырдық. Бірақ іс жүзінде ЖОО жалақысы мектеп мұғалідерінің жалақысынан аз болып қалды. Осыған орай, Үкімет ЖОО оқытушыларының еңбекақысын көбейту мәселесін қарастыру керек», - деді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында. Айта кетейік, Мемлекет басшысының төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы өтіп жатыр. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия салдарынан мемлекет қызметінде және қоғамдық өмірдің барлық саласында түбегейлі өзгерістер болатынын мәлімдеген.