ForteMobile ұялы байланысы іске қосылады

ForteMobile ұялы байланысы іске қосылады

ForteMobile ұялы байланысы іске қосылады
ашық дереккөзі
"Сәлем! Сөйлесуге ыңғайлы ма?" Осы сөйлемнен Forte-нің жаңа өнімдері мен сервистерінің жыл сайынғы тұсаукесері басталды. Биыл Forte жаңа форматта презентация жасап, оны Forte Digital Week деп атады. Онлайн режимінде қазақстандықтар өмір сүруді жеңілдететін жаңа өнімдер мен жаңартылған банктік қызметтермен танысты. Forte-нің экожүйесі үнемі жаңа қызметтермен және сервистермен толықтырылып отырады. Сондықтан да банктік емес өнімдердің түрлері үнемі кеңею үстінде. «ForteMarket сандық дүкені кішігірім электроникадан бастап, үй жиһаздарына дейін мыңдаған түрлі өнімдерді сатады, ForteTravel – саяхаттар мен әуе билеттерін сатып алу қызметтерін ұсынатын сандық құрылғы. Осы дүниелер арқылы клиенттеріміз көптеген жаңалықтармен танысты. Ал бүгін банктік өнімдерге қатысы жоқ ерекше өнімімізді қуанышпен ұсынбақпыз. Ал оның көмегімен сөйлесуге өте ыңғайлы, ол – біздің ForteMobile жаңа ұялы байланысымыз», - дейді ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили. Forte-нің эксклюзивті ұялы байланысы екі тарифпен ұсынылады, атаулары төлем карточкалары түрінен алынған – Gold және Platinum. «Біз серіктесіміз Beeline Қазақстанмен бірге керемет ұсыныстар жасап отырмыз. Біздің тарифтерімізбен минуттар мен интернеттің жетіспеушілігін сезінбейсіз. Егер тұтынушы біздің банктік өнімдерімізді белсенді қолданатын болса, бірегей бонустар мен қызметтерге қол жеткізеді», - дейді жоба менеджері Алена Ахметова. Қызметтер қатарына шығыс қоңырауларға арналған ақысыз минуттар, интернет-трафиктер, сонымен қатар әлеуметтік желілер, лездік хабарламалар, KAZNET және басқа да қызметтерге шектеусіз трафиктер кіреді екен. Тарифтердің тағы бір артықшылығы – ForteMobile абоненттері мен Beeline Қазақстан серіктесі арасындағы тегін қоңыраулар. Жаңа ұялы байланыста ешкімде жоқ тағы бір қызмет бар, ол – банктік қолдау қызметіне ақысыз роуминг қоңыраулары. Айтпақшы, мобиьдік қосымша интернет-трафиксіз, яғни ақысыз жұмыс істейді. Мәселен, сізге сапарға бару үшін картадағы лимитті ұлғайту немесе жақын адамдарыңызға ақша аудару қажет болса, ғаламтор көзін пайдаланудың қажеті жоқ. ForteMobile көмегімен кез-келген елден ForteBank-қа қоңырау шалып, +7 705 921-21-21 нөміріндегі операторға қоңырау шалып, өзіңіз қалағаныңызша сөйлесуге болады, уақытқа шектеу жоқ. Банк клиенттері үшін жағымды бонус – егер ForteBank төлем картасымен айына 100 000 теңге немесе одан көп мөлшерде төлем жасалса, ұялы байланыс үшін абоненттік төлем алынбайды. Банктің Нұр-сұлтан және Алматы қалаларындағы кез келген бөлімшесі арқылы Fortimobile нөмірін ресімдеуге немесе өз нөміріңізді Fortimobile нөміріне портациялауды жүзеге асыруға да болады. Абоненттің нөмірі мен карта нөмірі бірдей болған кезде ForteMobile SIM картасы мен ForteBank төлем карточкасынан тұратын шектеулі жиынтық ұсынылады. Жаңа ұялы байланыс қызметінің іске қосылу құрметіне Forte кішкене сыйлықтар дайындады. https://mobile.forte.kz/ сайтымен ForteMobile SIM карталарына тапсырыс бергендердің бәрі үйлеріне жеткізіледі. Ертең сағат 15: 00-де Forte Digital апталығының екінші күні өтеді, онда да көптеген қызықты жаңалықтар мен сыйлықтар бар.