25 Мамыр, 18:11 532 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Көкжайлауда көңіл көтергендер жазаға тартылады – Алматы әкімдігі

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Алматыда Көкжайлау шатқалында жаппай демалысқа шыққан азаматтар жазаға тартылады. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов айтты.

ҚазАқпараттың жазуынша, Ерлан Қожағапанов: «Алматы территориясында көп адамның жиналуына, маскасыз жүруіне тыйым салынған. Бұл адамдар осы талаптарды бұзған. Концерт қойған, қоқыс төккен. Олар ешқандай ұйымның санкциясын алмаған. Санитарлық талаптарды орындамаған. Қазір Полиция департаментіне нақты тапсырма бердік. Бұл азаматтардың үстінен әкімшілік іс, қылмыстық ахуал байқалса тіпті қылмыстық іс қозғаймыз», – деді.

Әлеуметтік желіде Көкжайлау шатқалында сауық кешін өткізгендер туралы видео тараған болатын.

Соңғы жаңалықтар