Блокпосттағы көлік апатынан зардап шеккен үшінші полицейдің жағдайы ауыр

Блокпосттағы көлік апатынан зардап шеккен үшінші полицейдің жағдайы ауыр

Блокпосттағы көлік апатынан зардап шеккен үшінші полицейдің жағдайы ауыр
ашық дереккөзі
Алматыдағы блокпостағы жол апатынан тағы бір полиция қызметкері зардап шекті, – деп жазды ҚазАқпарат. Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен ер адам есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкері Ербұлан Сейдазым. «Ербұлан Сейдазым планшетпен өтіп жатқан көліктерді тексеріп тұрған. BMW жүргізушісі бетонға соғылғанда, плиталардың бірі ұшып қызметкерге тиген. Тағы бір болжам бойынша, жүргізуші бірінші Ербұланды қағып, содан кейін, полиция көлімен соқтығысқан. Қызметкерге қатысты бірнеше болжам бар. Тергеу және экспретиза кезінде бәрі белгілі болады», – деп хабарлады полиция өкілдері. Қазіргі таңда ол №7 қалалық клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Еске салайық, бүгін 25 мамырда таңғы сағат 05:26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізуші мас күйінде блокпостағы полиция көлігіне соғылды. Соның салдарынан екі полиция қызметкері көз жұмды.