Алмазбек Атамбаевтың жағдайы күрт нашарлады

Алмазбек Атамбаевтың жағдайы күрт нашарлады

Алмазбек Атамбаевтың жағдайы күрт нашарлады
ашық дереккөзі
Отбасымен жүздесу кезінде Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың жағдайы күрт нашарлап кетті.  Экс-президенттің ұлы Сеид Атамбаев өзінің Facebook парақшасында әкесінің жағдайы неліктен нашарлағанын айтты. Алмазбек Атамбаевтың отбасы мүшелерінің коронавирусқа тапсырған, тест нәтижелері теріс болғанымен, оны жақындарымен тек шыны терезе арқылы кездестіруде. Ұлының айтуынша, осымен үшінші рет кездесудің мұндай жағдайда өткізілуі Атамбаевтың денсаулығының нашарлауына себеп болған. "Атамбаев үшін коронавирус бойынша теріс нәтижелерінің анықтамалары бар туыстарымен кездесу қауіпті, алайда сотта Қойташтағы оқиғалар бойынша ондай анықтамалары жоқ ондаған адаммен кездесу қауіпсіз. Бұл – түсініксіз жағдай", – дейді экс-президенттің ұлы. Экс-президенттің айтуынша, оған үлкен моральдық қысым көрсетілуде. Алайда, ол өзінің денсаулық жағдайына шағымданғысы келмейді, бұл оның қағидаларына қайшы. Саясаткердің сөзінше, қазір билік оның өміріндегі ең қымбат дүниесінен – отбасымен бірге болу мүмкіндігінен айырып отыр.