COVID-19: YouTube індет жайлы жалған ақпарат таратқан арналарды бұғаттайды

COVID-19: YouTube індет жайлы жалған ақпарат таратқан арналарды бұғаттайды

COVID-19: YouTube індет жайлы жалған ақпарат таратқан арналарды бұғаттайды
ашық дереккөзі
Коронавирус пандемиясы туралы жалған ақпараттардың көбеюіне байланысты YouTube фейктермен күресу операциясын бастады. Видеохостинг коронавирус туралы фейк бейнероликтерді орналастыруға тыйым салатын жаңа ережелер енгізді. «Сайтта адам денсаулығына зиян келтіруі мүмкін COVID-19 туралы кез келген жалған ақпаратқа тыйым салынады. Видеохостинг коронавирустық инфекция туралы ДДСҰ мен жергілікті денсаулық сақтау органдарының мәліметтеріне сәйкес келмейтін фейк материалдарды бұғаттайды», - деді Google. Осылайша, хостингте таратылатын коронавирус кезінде өзін-өзі емдеудің әртүрлі жалған әдістеріне, соның ішінде қауіпті ауруды емдейтін дәстүрлі медицина, гомеопатия және тіпті дұғаларға тыйым салынады. Сонымен қатар YouTube коронавирустың жоқ екені туралы материалдармен күреспек. Коронавирустың таралуы туралы түрлі жорамалдар де сайттан жойылады. Тыйым салу үш кезеңмен жүреді. Алғашқы екеуінде ескерту жасалып, видео жойылады. Ал үшінші кезеңде YouTube-тегі арна толығымен бұғатталады.