1 маусымнан Нұр-Сұлтандағы балабақшалар қалыпты режимде жұмыс істейді

1 маусымнан Нұр-Сұлтандағы балабақшалар қалыпты режимде жұмыс істейді

1 маусымнан Нұр-Сұлтандағы балабақшалар қалыпты режимде жұмыс істейді
ашық дереккөзі
1 маусымнан бастап елордадағы балабақшалар қалыпты жағдайда жұмысын бастайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мәлімдеді.  «18 мамырдан бастап меншік нысанына қарамастан барлық мектепке дейінгі ұйымдар санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, өз жұмыстарын бірінші кезекте баланы үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ, жұмыс істейтін ата-аналар үшін, ата-аналардың қалауы бойынша «кезекші топтар» режимінде қайта бастады. Бүгінгі күні балабақшаларда балалар саны – 4134. Бұл – жалпы балалардың 7,4 пайызы», - деді басқарма басшысы елорда әкімдігінің Facebook парақшасында онлайн режимде өткен брифингте. Шолпан Қадырова 1 маусымнан бастап барлық балабақша мен қосымша білім беру ұйымы штаттық режимде, яғни қалыпты жағдайда жұмыстарын қайта бастайтынын жеткізді. Басқарма басшысының айтуынша, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы даярлық топтары 1 тамызға дейін балабақшаға барады. Айта кетейік, өткен тәулікте Нұр-Сұлтанда 54 адамнан коронавирус анықталып, өсім 3,8 пайыздық құрады. Ал республика бойынша бір күнде 363 адамның індет жұқтырғаны белгілі болды. Елде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 7597-ге жетті.