Індет дендеген «Теңізшевройл» жабыла ма: компания басшылығы жауап берді

Індет дендеген «Теңізшевройл» жабыла ма: компания басшылығы жауап берді

Індет дендеген «Теңізшевройл» жабыла ма: компания басшылығы жауап берді
ашық дереккөзі
«Теңізшевройл» басшылығы еліміздің мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың Теңіз кенішінің аумағы жабылуы мүмкін деген мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.  Ақ Жайық газетінің мәліметінше, бас санитарлық дәрігер COVID-19 ауруының ушығуына байланысты Теңіз кенішінің жабылуы мүмкін екендігін мәлімдеген. Осыған байланысты «Теңізшевройл» басшылығы пікір білдірді. Кәсіпорын таратқан ақпаратқа сәйкес, ТШО өндірістік қызметін үздіксіз жалғастырып жатыр. Сонымен қатар, компания өндірістік қызметінің қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге бұрынғыдай зор көңіл бөліп отырғанын хабарлаған. "ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасын жүзеге асыру көрсеткіші 77%-ды құрайды және ТШО жобаның жүзеге асырудағы "сыни жолдың" негізгі жұмыстарын қауіпсіз орындауға бағытталған шараларды іске асыруда", - делінген хабарламада.