"Қазмедиа" орталығының екі қызметкері коронавирус жұқтырған

"Қазмедиа" орталығының екі қызметкері коронавирус жұқтырған

"Қазмедиа" орталығының екі қызметкері коронавирус жұқтырған
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласындағы "Қазмедиа" орталығының қызметкерлерінен коронавирус инфекциясы анықталды.  Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Еуразия" Бірінші арнасының екі қызметкері індет жұқтырған. Осыған байланысты "Қазмедиа" әкімшілігі  басқа жалға алушыларды 7 маусымға дейін қашықтан жұмыс істеуге шақырды. Бұл жағдайға байланысты әзірге Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі пікір білдірмеді. Соңғы дерек бойынша, елімізде COVID-19 вирусы 7234 адамнан анықталды. Өткен тәулікте 265 адамның індет жұқтырғаны белгілі болды. Науқастардың 3835-і емделіп шықса, дерті асқынған 35 адам қайтыс болды. Айта кетейік, бұған дейін Алматыда 2 науқас өте ауыр жағдайда жатқанын хабарлағанбыз.