Израиль өнертапқыштары ас ішкенде бөгет болмайтын маска ойлап тапты (видео)

Израиль өнертапқыштары ас ішкенде бөгет болмайтын маска ойлап тапты (видео)

Израиль өнертапқыштары ас ішкенде бөгет болмайтын маска ойлап тапты (видео)
ашық дереккөзі
Израильдік  өнертапқыштар ас ішкенде бөгет болмайтын медициналық маска ойлап тапты, деп хабарлайды Republic World басылымы.  Avtipus patents and inventions компаниясының мамандары кәдімгі медициналық масканың дизайнын өзгертіп, оған автоматты түрде немесе механикалық түрде ашылатын, адамға тамақ жеуге мүмкіндік беретін механизм енгізіпті. Бетпердені жасаушыларлың айтуынша, бұл өнертабыс қоғамдық тамақтану орындарын қайта жандандыруға мүмкіндік береді. Егер маскалар жаппай сатыла бастаса, адамдар қауіпсіз түрде мейрамханаларға, кафелерге және басқа мекемелерге кіре алады. Компания өз өнімін тіркеуге патент алу үшін сұраныс жіберген. Егер патент берілсе, бірнеше айдан соң маскалар жаппай өндіріле бастамақ.  Өнертапқыштар ас ішуге кедергі келтірмейтін бетперденің бағасы кәдімгі маскадан қымбат болмайтынына сендіріп отыр.  https://www.youtube.com/watch?v=BLBTxznU97c&feature=emb_logo Айта кетейік, бүған дейін өзбекстандық студенттер коронавирусты анықтайтын "ақылды" маска ойлап тапқанын хабарлағанбыз. Мұндай маска адамның дене қызуын өлшей алады. Сонымен бірге температура, жөтел мен тыныстың тарылуына байланысты мәліметтерді датчик арқылы автоматты түрде смартфонға жіберіп отырады.