21 Мамыр, 09:05 211 0 Аймақ Анар ЛЕПЕСОВА

Жамбыл облысында жыл басынан бері 400 келіден астам есірткі тәркіленген

Жыл басынан бері жамбылдық полицейлер 160-тан астам есірткімен байланысты қылмысты ашты.

Өңірде жыл басынан бері заңсыз айналымнан 400 килограммнан астам есірткі заты тәркіленген. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламада Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері көрсетілген мерзімде 162 есірткі қылмысын анықтағаны айтылған.

«Анықталған қылмыстардың ішінде есірткіні өткізудің 40 дерегі, оны аса ірі көлемде сақтаудың 19 дерегі, есірткі құралдарын насихаттаудың 3 дерегі немесе оны заңсыз жарнамалау, есірткі құралдары контрабандасының екі дерегі және есірткіні пайдалану үшін притондар ұйымдастыру және ұстау деректері бар. Сондай-ақ, заңсыз айналымнан 400 мың килограммнан астам түрлі есірткі құралдары, оның ішінде 17 килограммнан астам гашиш, бір килограммнан астам героин және бір килограммға жуық синтетикалық есірткі тәркіленді»,-делінген ведомство мәлімдемесінде.

 

Соңғы жаңалықтар