Мақтаарал тұрғындары екі-үш күнде жаңа үйлердің іргетасын қалауға кіріспек

Мақтаарал тұрғындары екі-үш күнде жаңа үйлердің іргетасын қалауға кіріспек

Мақтаарал тұрғындары екі-үш күнде жаңа үйлердің іргетасын қалауға кіріспек
ашық дереккөзі
Мақтаарал ауданында топан су басқан Өргебас пен Фирдауси ауылдарында қабырғасы шытынаған үйлер мен қора-қопсы материалдарын реттеу жұмысы басталды. Алдағы екі-үш күнде тұрғындар жаңа үйлердің іргетасын қалауға кіріспек. Аудан әкімі Бақыт Асановтың айтуынша, қазіргі таңда су басқан 5 ауылда түгендеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл іспен арнайы топ айналысуда. «Алдағы екі-үш күнде қанша үйдің бұзылып, қаншасы қайта салынатыны белгілі болады. Сол кезде бұл туралы мәліметті жалпыға жария етеміз. Әзірге тұрғындар уақытты тиімді пайданып, су шайған ауласын күл-қоқыстан тазартып, құлаған үйлер мен қора-қопсысын ретке келтіріп жатыр», – дейді Бақыт Асанов. Айта кетейік, Өргебас пен Фирдауси елдімекендерінің тұрғындары ешқайда көшірілмейтін болды. Себебі, ауыл тұрғындары тұрғылықты жерінен көшкісі келмейтінін айтқан болатын. Сондай-ақ, жергілікті халық жаңадан салынатын баспана құрылысын өздері жүргізетін болып келісілген. Яғни, бұзылған үйлердің өтемақысы тұрғындарға үкіметтік резервтен кезең-кезеңімен аударылады. Таяуда ғана үкіметтік комиссия мен тұрғындардың кездесуінен кейін осындай шешім қабылданған еді.