Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен және ҚР Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша Ғани Нығыметов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. СҚО ішкі саясат басқармасының мәліметінше, Ғани Нығыметов 1983 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін халықаралық қатынастар, АҚШ-тағы Монтерей халықаралық зерттеулер институтын мемлекеттік басқару магистрі, сондай-ақ Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін іскерлік әкімшілік магистрі мамандықтары бойынша бітірген. Гарвард университетінің Кеннеди атындағы Басқару мектебінде, Сингапурдың Ұлттық университетінде басшылар үшін біліктілікті арттыру курсынан өтті. Еңбек жолын Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ Даму Бағдарламасының штаб-пәтерінде стажер болып бастаған. 2007-2009 жылдары – «ҚР Үкіметі мен Ұлттық Банкі жанындағы Ұлттық талдау орталығы» АҚ мемлекеттік басқару департаментінің жоба менеджері. 2009-2013 жылдары – Назарбаев Университетінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, Назарбаев Университетінің Энергетикалық зерттеулер орталығы бас директорының орынбасары, Nazarbayev University Research and Innovation System бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры. 2013-2016 жылдары – ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті. 2016-2018 жылдар аралығында «Стратегиялық бастамалар орталығы» ЖШС, «Еуразиялық интеграция институты» ЖШС директор болды. 2018 жылғы наурыздан бастап 2019 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, соңғы тағайындалғанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. «Болашақ» президенттік стипендиясының түлегі. Ал бұған дейін СҚО әкімінің орынбасары болған Руслан Әлішев «Орталық коммуникациялар қызметінің» директоры қызметіне тағайындалды.