Нұр-Сұлтанның Алматы ауданына жаңа әкім тағайындалды

Нұр-Сұлтанның Алматы ауданына жаңа әкім тағайындалды

Нұр-Сұлтанның Алматы ауданына жаңа әкім тағайындалды
ашық дереккөзі
Елордадағы Алматы ауданына Бектенбай Есполов әкім болып тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.  «ҚР Президентінің Әкімшілігі және елорда мәслихатының депутаттарының келісімі бойынша Бектенбай Тілектесұлы Есполов Алматы ауданының әкімі қызметіне тағайындалды. ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді. Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 10 жылдан асады. 37 жасар Бектенбай Есполов меритократия қағидатына сәйкес кеңсе сарапшысынан ҚР Президенті Протоколы бастығының орынбасарына дейінгі қызмет жолынан өткен тәжірибелі маман», - делінген хабарламада.