Алматыда 400-ге жуық қонақүйдің жұмыс істеуіне рұқсат берілді

Алматыда 400-ге жуық қонақүйдің жұмыс істеуіне рұқсат берілді

Алматыда 400-ге жуық қонақүйдің жұмыс істеуіне рұқсат берілді
ашық дереккөзі
Алматы әкімдігі 25 мамырдан бастап қаладағы 393 қонақүйге жұмыс істеуге рұқсат берді.  Қонақүйлер келушілерге бөлмелерін ұсынып, өз аумағындағы мейрамханаларды аша алады. Әкімдіктің хабарлауынша, СПА, бассейндер және тренажер залдарын ашу күні қаладағы эпидемиологиялық жағдайларға байланысты болады және қосымша хабарланады. Жалпы, 25 мамырдан бастап қалада 84,2 мың адамды жұмыспен қамтитын, барлығы 3 631 кәсіпорын іске қосылмақ. Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда сауда орталықтарының жұмысы жанданатынын хабарлағанбыз. Аумағы 500 шаршы метрден астам 138 сауда нысанына жұмыс істеуге рұқсат берілді.