Қазығұрт ауданында қауіптің беті қайтты

Қазығұрт ауданында қауіптің беті қайтты

Қазығұрт ауданында қауіптің беті қайтты
ашық дереккөзі
Биылғы жылдың 13 мамыр күні Қазығұрт аудандық өрт сөндіру бөлімінің байланыс торабына Алтынтөбе, Жігерген ауыл округ тұрғындарынан үйдің ауласына жаңбыр суы жиналғаны туралы хабар келіп түскен болатын. Жедел ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде тұрғындарға дер кезінде көмек көрсетіліп, Қазығұрт ауданының Алтынтөбе, Жігерген ауыл округтеріндегі 6 үйдің ауласынан су тарту, арықтарды тазалау жұмыстары толығымен аяқталды. Қазіргі таңда тұрғындарға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Көкібел су қоймасының жаңбыр суына толуына орай эвакуацияланған 133 тұрғынның жағдайы тұрақты. Туған-туыстарының үйлеріне жайғасқан оларға аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен қажетті азық-түлік пен басқа да керек-жарақтар жеткізіліп жатыр.