Моңғолияда Парламент сайлауына 15 партия, 4 коалиция түседі

Моңғолияда Парламент сайлауына 15 партия, 4 коалиция түседі

Моңғолияда Парламент сайлауына 15 партия, 4 коалиция түседі
ашық дереккөзі
Моңғолияның Орталық сайлау комиссиясы Парламент сайлауына түсетін партиялар мен коалицияларды тіркегені туралы орталықтың баспасөз қызметі мәлімдеген. Бұл туралы KAZNEWS  порталы хабарлайды. 2020 жылғы Парламент сайлауына қатысу үшін 15 партия, бірнеше партиядан құрылған 4 одақ (коалиция) сайлау бағдарламасы мен ресми құжаттарын Орталық сайлау комиссиясына өткізген. Орталық сайлау комиссиясы барлығының құжаттарын тексеріп, қандай бір олқылықтар жоқ деп шешіп, оларды сайлауға қатыстыруға шешім қабылды. Моңғолия Парламент сайлауына түсетін партиялар мен партия одақтарына рұқсатама куәлігін сәуірдің 30 және мамырдың 1 күндері табыс етті. Сайлауға қатысатан партиялар: 1. Патриоттар партиясы (Эх орончдын нэгдсэн нам) 2. Бостандықты жүзеге асырушылар партиясы (Эрх чөлөөг хэрэгжүүлэгч нам) 3. Ынтымақ партиясы (Их эв нам) 4. Көпшілік партиясы (Зон олны нам) 5. Әлемдік моңғолдар партиясы (Дэлхийн монголчууд нам) 6. Демократиялық партия (Ардчилсан нам) 7. «Халқымызды аялайық» партиясы (Ард түмнээ хайрлая нам) 8. Халықтық партия (Ард түмний нам) 9. Даму жолы партиясы (Хөгжлийн хөтөлбөр нам) 10. Моңғолдың жасылдар партиясы (Монголын ногоон нам) 11. Моңғол Халық партиясы (Монгол Aрдын нам) 12. Отан партиясы (Эх орон нам) 13. Демократиялық жаңару партиясы (Ардчилал шинэчлэлт нам) 14. Халықтың көпшілік билігі партиясы (Ард түмний олонхийн засаглал нам) 15. Ауылды дамыту партиясы (Гэр хороолол хөгжлийн нам) Партиялар коалициясы: 1. Моңғол консервативтер партиясы мен Моңғолияның адам үшінгі партиясы одағының “Конституцияның 19-бабын жүзеге асырайық” коалициясы “Сахигтун! Үндсэн хуулийн 19” эвсэл (Монгол консерватив нам, Монголын хүний төлөө нам) 2. Моңғол Халық Революцияшыл партиясы, Азаматтық жігер жасыл партиясы, Моңғолияның дәстүрлі біріккен партиясы одағының «Сіз бен біздің одағымыз» коалициясы “Та бидний эвсэл” (Монгол ардын хувьсгалт нам, Иргэний зориг ногоон нам, Монголын уламжлалын нэгдсэн нам) 3. Әділ азаматтардың коалициялық партиясы, Республикалық партия, Шындық пен дұрыс партия, Моңғолия ұлттық демократиялық партиясының «Шинэ» яғни «Жаңа» коалициясы “Шинэ” эвсэл (Шударга иргэдийн нэгдсэн эвсэл нам, Бүгд найрамдах нам, Үнэн ба зөв нам, Монгол үндэсний ардчилсан нам) 4. Еңбек ұлттық партиясы, Моңғолиялық социал демократ партиясы, Этикалық партия одағынан «Дұрыс адам электорат» коалициясы “Зөв хүн электорат” эвсэл (Хөдөлмөрийн үндэсний нам, Монголын социал демократ нам, Зүй ёс нам)