Шымкент: Елтай ауылында су басқан аумақтан 300 адам эвакуацияланды

Шымкент: Елтай ауылында су басқан аумақтан 300 адам эвакуацияланды

Шымкент: Елтай ауылында су басқан аумақтан 300 адам эвакуацияланды
ашық дереккөзі
Шымкентте толассыз жауған жаңбыр салдарынан су шайған Елтай ауылында қауіп сейілді. Табиғи апаттан аталған елді мекенде 60 аула мен 60-қа тарта нысанды су басып, 5 шаруашылық нысан қираған. Бұл туралы қалалық ТЖД хабарлады. Департамент мәліметінше, табиғи апаттың салдарын жою бойынша жедел штаб құрылған. Сондай-ақ, №6506 әскери бөлімінің күшімен каналдарды тазалау, тереңдету және арнаны түзету жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңға дейін 7000 м3 су сорылған.  width= «Су басқан аумақтан 300 адам, оның ішінде 124 бала эвакуацияланды. 294 адам туысқандарына және 6 адам №119 ОМ базасында эвакуациялық пунктке орналастырылды. Оқиға орнына жақын маңдағы 4 мектепте қосалқы эвакуациялық пункт дайындалып, төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстары жүргізілуде. Оған ТЖД 133 қызметкері 10 техникасы және 19 мотопомпамен, жергілікті ауылдық округтің 46 қызметкері 31 техникасымен, 6506 әскери бөлімінің 100 қызметкері 4 техникасымен жұмылдырылды. Қазіргі таңда жағдай тұрақты бақылауда. Аула учаскелерінен суды сору жұмыстары жүргізілуде», делінген хабарламада. Айта кетейік, кеше сағат 19.14-те Еңбекші ауданы, Елтай елді мекеніне Түркістан облысының Төлеби ауданынан секундына 3-5 текше метр су келген. Судың деңгейі 20-50 см құраған. Көп мөлшерде келген судан арық арнасынан асып, соның салдарынан тұрғын үйлердің аулаларын су басқан.