Түркістан қаласында 42 мың тұрғын табиғи газбен қамтылды

Түркістан қаласында 42 мың тұрғын табиғи газбен қамтылды

Түркістан қаласында 42 мың тұрғын табиғи газбен қамтылды
ашық дереккөзі
Облыс басшылығының тапсырмасына сәйкес Түркістан қаласын газдандыру бойынша тиісті жұмыстар қызу жүріп жатыр. Бүгінде Отырыр мөлтек ауданы мен ХҚТУ тұрғын үй массиві аумағындағы ГРП-1,2,3 нысандарындағы газға қосылған үйлердің саны 130-ге жетіп отыр. Бұл жұмыстар мөлтек ауданын толығымен газдандырғанға дейін жалғасын табатын болады. Бүгінгі күнге Түркістан қаласында 42 000 тұрғын немесе 26% табиғи газбен қамтылған. Қаланы табиғи газбен қамтамасыз ету «Бейнеу-Бозай-Шымкент» магистралды газ құбырынан жүзеге асырылады. Түркістан қаласын газдандыру 11 кезеңмен жүзеге асырылатын болады. Көне шаһардағы жеке үйлер мен көпқабатты тұрғын үйлерді газдандырудың 4-кезеңінің құрылысы 2019 жылы аяқталды. Нәтижесінде қала тұрғындарының 41% табиғи газбен қамтылды. Ауқымды шаруаның жалғасуына кедергі жоқ. Түркістан қаласын толығымен газдандыру құрылысын 2020 жылдың соңына 100% аяқтау жоспарланып отыр.