Головкин – Альварес жекпе-жегі онжылдықтағы ең үздік айқастар тізімінде енді

Головкин – Альварес жекпе-жегі онжылдықтағы ең үздік айқастар тізімінде енді

Головкин – Альварес жекпе-жегі онжылдықтағы ең үздік айқастар тізімінде енді
ашық дереккөзі
Mymmanews.com сайты онжылдықтың ең үздік бокс жекпе-жектерінің тізімін жасады. Оған қазақстандық Геннадий Головкиннің  Сауль «Канело» Альвареспен өткізген екінші айқасы енген. «2018 жылы «Канело» және Головкин жекпе-жегі «Ring» журналында «Жыл айқасы» деп аталған. Бұл олардың қарымта жекпе-жегі болатын. Кездесу Лас-Вегастағы T-Mobile Arena стадионында өткен. Екі боксшы да соңғы раундқа дейін бір-біріне ауыр соққы берумен болды. Альварес төрешілердің бірауыз дауысымен Головкиннен басым түсті», делінген БАҚ-та. Журналдың нұсқасы бойынша онжылдықтың ең үздік 7 айқасы:
  1. Флойд Мэйвезер — Мэнни Пакьяо (2015)
  2. Сауль Альварес — Геннадий Головкин (2018)
  3. Дэвид Хэй — Дерек Чисора (2012)
  4. Тимоти Брэдли — Руслан Проводников (2013)
  5. Миккел Кесслер — Карл Фроч (2010)
  6. Франсиско Варгас — Орландо Салидо (2016)
  7. Теренс Кроуфорд — Юриоркис Гамбоа (2014)