COVID-19: Индонезияда 973 науқас көз жұмды

COVID-19: Индонезияда 973 науқас көз жұмды

COVID-19: Индонезияда 973 науқас көз жұмды
ашық дереккөзі
Индонезияда коронавирус жұқтырғандар саны 14 мыңнан асты. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Сенбі күнгі статистика бойынша елде 13 645 науқас тіркелген. Бір тәулікте індет жұқтырудың 387 жаңа дерегі анықталып,  коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 14 032-ге жетті. Индонезиядағы індеттен 973 науқас көз жұмды. 2698 адам емделіп шықты. Айта кетейік, ДДСҰ дерегі бойынша бүгінде әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 3,8 миллионнан, ал індет құрбандарының саны 265 мыңнан асты. Ал Джонс Хопкинс университетінің мәліметі  бойынша дүниежүзінде қатерлі вирус 4,1 миллионнан аса адамнан анықталған. Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалға келсек, елімізде 5076 адам коронавирус жұқтырды. Науқастардың 1828-і дертінен айықса, ауыр халдегі 31 адам көз жұмды.