Төтенше жағдай кезінде табысы артқан салалар аталды

Төтенше жағдай кезінде табысы артқан салалар аталды

Төтенше жағдай кезінде табысы артқан салалар аталды
ашық дереккөзі
Коронавирустың таралуы ел экономикасының бірқатар саласын тұралатты. Десе де, төтенше жағдай кезінде табысы еселенген салалар да бар.  «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов кірісі артқан салаларды атады. «Онлайн жеткізу қызметтерінің айналымы 3-5 есеге дейін артты. Төтенше жағдай кезінде бұл сала кеңінен дамыды. Әрине, қоймалардың жетіспеуі сынды кемшіліктер де анықталды. Азық-түлік және аграрлық сектордағы табыс 2,6 пайызға артты. Медицина саласында да өсім байқалады, өйткені халық медициналық маскалар мен түрлі препараттарды сатып алды», - деді А. Мырзахметов онлайн берген сұхбатында. Мемлекеттік сатып алулар бюджетінің негізгі бөлігі құрылыс саласына бағытталғанын атап өткен спикер осы саладағы тендерлерді өткізу процесін бақылауда ұстау қажеттігін ескертті. «3,9 трлн теңге немесе бюджеттің 85 пайызы құрылыс саласына бөлінген. Ауқымды қаражат бөлінгендіктен, бұл салалада да ілгерілеу байқалуы тиіс. Бес күннен бері тендерлер жеңілдетілген түрде өтіп жатыр. Оларды отандық кәсіпорындардың алғаны маңызды. Әзірге 2 трлн теңгеге тендерлер өткізілді. Осы процесті мұқият қадағалап, қаражаттың қайда кетіп жатқанын бақылауға шақырамын», - деді палата төрағасы.