«Қыста жұмысқа велосипедпен барамыз» атты акция бастау алмақ

«Қыста жұмысқа велосипедпен барамыз» атты акция бастау алмақ

«Қыста жұмысқа велосипедпен барамыз» атты акция бастау алмақ
ашық дереккөзі
Ертең, 13 ақпан күні алматы велосипедшілері тұңғыш рет халықаралық «International Winter Bike to Work Day», яғни «Қыста жұмысқа велосипедпен барамыз» атты акциясына қатысады. Дәл осы күні алматылық шайтан арбашылар қыстағы суық велосипедтен бас тартуға себеп бола алмайтынын дәлелдемек. Бұл акция 3 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. 2014 жылы 2 мыңнан астам велросипедші қатысса, биыл тілек білдірушілер саны былтырғыдан 3 есе көп екен. winterbiketoworkday.org сайтында тіркелген адамдардың саны бойынша Алматы қаласы әлемдегі ең белсенді 20 қаланың қатарына енді. Салауаттты өмір салтын ұстануға, энергия көздерін үнемдеуге, тұрғылықты жердің экологиясын қорғауға үндейтін бұл шара ең алғаш АҚШ-тан бастау алған екен. Акцияға қатысқысы келетін адамдар жоғарыда көрсетілген сайтқа қатысушы ретінде тіркелсе жеткілікті. Шайтан арбаңыз бабында болса, сіз де жұмысқа сонымен барып көріңіз!