Ең алдымен ел амандығы керек

Ең алдымен ел амандығы керек

Ең алдымен ел амандығы керек
ашық дереккөзі
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуін қазіргі күрделі жағдайдан қазақстандықтарды аман-есен шығаруға арналған бағдарламалық құжат деп атауға болады. Мемлекет басшысының мәлімдемесі көпшіліктің көңіліне қонатындай, әрбір ел азаматының жүрегіне жететіндей жазылған. Еліміздегі төтенше жағдай халықты біраз тығырыққа тіреп ыңғайсыздық тудырды, тіпті күрделі мәселелерді туындатты. Президентіміз халықты тығырықтан шығару үшін түйінді мәселелерді шешудің нақты жолдарын көрсетті. Мәлімдемеде мемлекет басшысы елді тығырықтан шығарудың нақты жолын белгіледі. Қаржыландару мәселесін шешуде нақтылы органдарға арнайы тапсырмаларды орындау жүктелді. Қажет жағдайда бөлінген қаржылай көмектің тиісті адамдарға жетуін бақылайтын мекемеге тапсырма берілді. Президенттің мәлімдемесінен нақтылықтық пен жоғары жауапкершілікті сездік. Қазір бүкіл әлем, соның ішінде Қазақстан халқы да күрделі кезеңді бастан өткізіп отыр. Бірінші кезекте елдің амандығы – адами әлеуеттің өмірі мен денсаулығы маңызды екенін мемлекет тағы да айқын дәлелдеді. Қазақстан індеттің алдын дер кезінде болжай білді. Елде күні ілгері төтенше жағдай жарияланды. Бұл мемлекет басшысының көрегендігін көрсетті. Қазақстан әлемдік оқиғаға сай карантин кезінде табысынан айрылғандарға 42 500 теңгеден беруде. Бұл – үлкен жанашырлық екінші айда да жалғасатын болды. Көмекті бұрын өзін-өзі асырап келгендер мен жұмыссыз жүргендер де алады. Бұл – мемлекет басшысының қамқорлығы. Шағын және орта бизнес өкілдері төтенше жағдай кезінде салық төлеуді кейінге шегере тұратын болды. Мемлекет оларға арзан несие беруді қолға алды. Егіс науқаны кезінде диқандарды арзан жанар маймен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Мемлекет басшысының алғашқы мәлімдемесінен соң аз қамтамасыз етілген отбасыларға тегін азық-түлік жеткізіліп беріле бастады. Мұндай игі шараға бастамашы, ұйытқы болу – сауап іс. Мұндай шаруаларды қолға алған мемлекет басшысын мақтан ету керек. Әлемді шарпыған індетпен күресіп жатқан тек қана Қазақстан емес. Карантин жарияланып, көшелерінде меңіреу тыныштық орнаған елдер көп. Сол елдердің арасында халқына жанашырлық танытқандардың алғашқы легінде болғанымызға қуанамын. Қазақстан тауелсіздігін алған жас мемлекет. Еліміздің қазба байлығы, ауыл шаруашылығы өз елінінің осындай қиын қыстау кезеңінде, халқының әл-ауқатын өз деңгейінде тұрақты түрде сақтап қалуына жететіні шүбәсіз. Ал төтенше жағдай барысын 11 мамырға дейін ұзарту – бұл Президентіміздің кемеңгерлігі мен көрегендігін танытты. Себебі бізге ең біріншіден ел амандығы қымбат, халықтың денсаулығы маңызды. Мемлекет басшысының сын тұста халқына жасаған мәлімдемесі әрбіріміздің болашағымызға нық сеніммен қарап, ауызбіршілігіміз бен бір-бірімізді қолдауымыз адал болған жерде, сабыр мен саясат көрсеткен жолда табандылық танытсақ, алынбайтын қамал жоқ екенін әрбір Қазақстан азаматына нақты жеткізе білді. Қазіргі қиындықтарды бірге еңсеретінімізге сенімім нығая түсті.

Камалбек БЕРКИМБАЕВ,

Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің вице-президенті, п.ғ.д., профессор, Кентау қалалық мәслихатының депутаты