Биыл пітір садақаның мөлшері қанша?

Биыл пітір садақаның мөлшері қанша?

Биыл пітір садақаның мөлшері қанша?
ашық дереккөзі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшерін бекітті. Астанада бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен діни басқармасының Рамазан айы қарсаңындағы дәстүрлі төралқа мәжілісі өтті. "Төралқа мәжілісінің шешімімен биыл бір адам атынан берілетін пітір садақа мөлшері 370 теңге деп бекітілді", - деп хабарлады muftyat.kz. Пітір садақаның құны ұнның республикадағы орташа нарықтық бағасымен шығарылды. "Материалдық жағдайы бар азаматтар пітір садақаны мейіз немесе құрма құнымен бергені абзал", - деп атап өтті діни басқармадан. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады. Еске сала кетейік, өткен жылы пітір садақаның мөлшері 300 теңге болған еді.