Берік Оcпанов: Ұлттық қор қиын жағдайда үлкен көмек болары сөзсіз

Берік Оcпанов: Ұлттық қор қиын жағдайда үлкен көмек болары сөзсіз

Берік Оcпанов:   Ұлттық қор қиын жағдайда үлкен көмек болары сөзсіз
ашық дереккөзі
– Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрқашан елдің жар­қын  болашағы үшін еңбек етіп келеді. Қа­зіргі қиын кезеңде жариялаған мақала да со­ның тікелей дәлелі. Елбасы айтқандай, қа­зақ халқы бұдан да қиын кезеңдерді ба­сынан өткізген, бірақ қандай қиындықтар болса да халқымыз еш жеңілмеген. Тәуелсіз ел болғанымызға 30 жылға жуық уақыт бол­ды, қазіргі Қазақстанымыз Елбасының ті­ке­лей басшылығымен  мықты мемлекетке ай­налып, кез келген жағдайға және қиын­дықтарға төтеп бере алатын ел ретінде ны­ғайды. Соңғы жылдары іске асырылған бағ­дарламалар және жобалар ел экономи­ка­сының тұрақты дамуын  толық қамтамасыз етеді. Тәуелсіздік жылдары құрылған  Ұлт­тық қор осындай жағдайда үлкен көме­гін көрсететіні де даусыз. Мемлекет әр аза­маттың жағдайын қамтамасыз ету үшін бар­лық мүмкіндіктерді жасап отыр. Алған міндеттерін орындап келеді. Қиындықтарға қарамастан, әр саланың дамуына, тұралап қалмауына  қосымша қаражат бөлініп отыр. Мысалы, ауыл шаруашылығын қам­тамасыз ету үшін өткен аптадағы қосымша бөлінген миллиардтаған қаражат және көктемгі дала жұмыстарына арзандатылған жанармай және басқа да қолдау шаралары биылғы өндірістің қажетті сұраныстарын қанағаттандырады деп ойлаймын. Коронавируске қарсы жұмыс жоғары дең­гейде іске асырылып келеді. Соның нәти­жесінде індеттің етек алып кетуіне мүм­кіндігінше жол берілмей, ахуал күн сайын тұрақты назарда ұсталып отыр. Жағдайды оңалту үшін көп жұмыс істелді, әлі де талай шаруа атқарылатын болады. Мақалада Елбасы айтқандай, Үкімет жұ­мысы да жаңа форматқа өзгертіліп, ха­лық­пен бірге тығыз қарым-қатынаста жұ­мыс атқарады. Ендігі жерде барша қазақ­стандық­тар бір кісідей бірігіп, дағдарысқа қарсы жұмыс істеуіміз қажет. Әр адам өз ең­бегі мен үлесін қоса түссе, бұл ауыр күн­дер­ді де біз бірге еңсереміз!