Алматы облысында мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі

Алматы облысында мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі

Алматы облысында мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі
ашық дереккөзі
Алматы облысында биыл жалпы көлемі 219 764 шаршы метр болатын 2 094 пәтерлік 93 коммерциялық және несиелік тұрғын үй салу жоспарланған. Соның ішінде «7-20-25» бағдарламасы бойынша жалпы алаңы 82 089 шаршы мертлік 1 094 пәтер, атап айтқанда, Алакөл ауданында – 17, Іле – 120, Қарасай – 169, Көксу – 25, Талғар ауданында – 562, Қапшағайда – 93, Талдықорғанда 108 пәтер қолданысқа берілмек. Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі 2019 жылы Алматы облысында 894,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, биыл қаржыландырудың барлық көзін еспке алғанда тағы 938,8 мың м2 тұрғын үй салынатынын айтады. Облыстық құрылыс басқармасының мәліметінше, коммерциялық үйлердің құрылысы өңірдегі барлық аудан, қалаларда жүргізіледі. Тұрғын үй құрылысы облыс орталығында да қарқынды жүреді. Мәселен, Талдықорған қаласының Оңтүстік-Батыс ауданында 125 пәтерлік 5 қабатты екі тұрғын үй салу жұмысы жүріп жатыр. Оның 50 пәтерін биыл мамырда, тағы 75-ін қарашада беру жоспарланған. Көшеішілік инженерлік желілер мен абаттандыру жұмысының ЖСҚ-сын дайындауға жергілікті бюджеттен 39 млн теңге қарастырылған. Сонымен қатар алаңы 2800 шаршы метрлік 40 пәтерлік бір үйдің құрылысы бітті. Атап өтсек, Алматы облысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша 2020-2022 жылдардағы тұрғын үй массивін дамыту жоспарына жалпы алаңы 31,5 млн шаршы метр болатын 120 554 пәтерлік 43 массив енгізілген.