Алматыда салынып жатқан госпиталь құрылысына қанша қаржы бөлінді?

Алматыда салынып жатқан госпиталь құрылысына қанша қаржы бөлінді?

Алматыда салынып жатқан госпиталь құрылысына қанша қаржы бөлінді?
ашық дереккөзі
Алматыда коронавирусқа қарсы салынып жатқан жаңа госпитальдің құрылысына 5,5 млрд теңге бөлінбек. Бұл ақпаратты жаңа нысан туралы ұйымдастырылған пресс-тур барысында BI Group Almaty компаниясының директоры Айдос Мұқатаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Алматыдағы құрылыс жобасының құны 5,5 млрд теңге шамасында. Біз Openbook жүйесімен жұмыс жасаймыз. Онда барлық шығындар көрсетілетін болады. Қазір әлемдік аудиторлық компаниялардың Big Four төрттігінен қай серіктестікпен жұмыс жасайтынымызды анықтап, келісімшарт жүргізіп жатырмыз. Бұл жобаның өзіндік құнының аудиті мен операциялық бақылау қамтамасыз етіледі дегенді білдіреді. Біздің ұсынысымызды Deloitte, PricewaterhouseCoopers қабылдады», - деді Айдос Мұқатаев. Қазір Алматыдағы госпитальдің құрылысына 298 адам, 44 техника жұмылдырылған. Құрылыс қызған кезде жұмысшылар саны 500 адамнан асатын болады. «Құрылысшыларға 600-700 орынға арнайы хостел жалдадық. Тамақтандыру үшін 10 шатыр дайындалды. Тәулігіне 24 сағат жұмыс істеп жатырмыз», - деді жоба жетекшісі Арман Қабылхасов. Құрылыс жұмыстарын 25 сәуірде аяқтау жоспарланған. Еске сала кетсек, мұның алдында құрылыс жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатынбыз. Айта кетейік, жаңа госпиталь Алатау ауданында бой көтереді.  Госпиталь салу туралы шешімді коронавирус инфекциясына қарсы күрес мақсатында құрылған ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету туралы Мемлекеттік комиссия қабылдаған болатын. Эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін мұндай нысандар Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында салынады.