COVID-19: 70-тен аса мемлекет вакцина жасау жолында ізденуде

COVID-19: 70-тен аса мемлекет вакцина жасау жолында ізденуде

COVID-19:  70-тен аса мемлекет вакцина жасау жолында ізденуде
ашық дереккөзі
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 коронавирусына қарсы вакцинаны әзірлеу туралы 130 бірлескен келісімге қол қойды. Бұл туралы ДДСҰ басшысы Тедрос Адан мәлімдеді. Оның айтуынша, әлемде күн сайын жүздеген адам коронавирусқа қарсы вакцина жасау бағытында жұмыс істейді. Екпе жасауға 70-тен астам ел атсалысуда.   Wolrdometer дерегінше, әлемнің 209 елінде 1 518 773 адам коронавирус жұқтырған. Індеттен 88 505 адам көз жұмды. 330 589 адам емделіп шыққан, Ал Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 759-ға жетті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 223 адам, Алматы қаласында – 120 адам, Қарағанды облысында - 57 адам, Ақмола облысында - 56 адам, Атырау облысы - 39 адам, Жамбыл облысында - 45 адам, Шымкент қаласында - 27 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 6 адам, Қызылорда облысында - 92 адам, Батыс Қазақстан облысында - 4 адам, Түркістан облысында - 34 адам, Қостанай облысында - 3 адам тіркелді.