Қостанай облысында бірқатар елдімекен жарықсыз қалды

Қостанай облысында бірқатар елдімекен жарықсыз қалды

Қостанай облысында бірқатар елдімекен жарықсыз қалды
ашық дереккөзі
Қостанай жылу орталығы өңірдегі қатты боранның әсерінен болған ақауға байланысты тұрғындарға хабарлама жариялады. «Құрметті электр энергиясын тұтынушылар! 7 сәуірде ауа райы салдарынан Қостанай облысының жүздеген елдімекені электр жарығынсыз қалды. Олар «Межрегионэнерготранзит» ЖШС, «ЭПК-forfait» ЖШС желілерінен ажырап қалды. Жоғарыда аталған ұйымдардың білікті қызметкерлері кешегі күннен бастап өз желілерінде қалыптасқан апаттық жағдайды жою бойынша жұмыстарды үздіксіз жүргізуде», – делінген орталық хабарламасында. Қазіргі уақытта бірінші кезекте ауруханалар, су және жылу компаниялары сынды әлеуметтік нысандарға жарық жүргізілді. Оларға қосалқы станциялар арқылы жарық қосылды. Бұл жұмыстар қазір де жалғасуда. Қостанай жылу орталығы басшылығы тұрғындардан уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрайды.