Қызылордада коронавирус жұқтырған екі адам емханаға жатудан бас тартқан

Қызылордада коронавирус жұқтырған екі адам емханаға жатудан бас тартқан

Қызылордада коронавирус жұқтырған екі адам емханаға жатудан бас тартқан
ашық дереккөзі
Қызылорда облысы Сырдария ауданында бүгін таңертең анықталған 3 науқастың екеуі қойылған диагнозға сенбей, аудандық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алудан бас тартқан. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов айтып берді. «Сырдария ауданындағы 2 науқас өздеріне қойылған диагнозға қарсылық танытқан оқиға кездесті. Мұндай жағдай жұмысымызға кедергі келтіреді. Біз тұрғындарды түсіністік танытуға шақырамыз», – деді басқарма басшысы. Сондай-ақ, басқарма басшысы Арал ауданында тіркелген 1 науқас «Астана – Қызылорда» бағытындағы пойызда жолсерік болғандығын айтып өтті. Ол Түркістан облысындағы қауіпті індетті жұқтырған науқасты тасымалдаған.