Түркістан және Шымкент қалаларында ескерту жарияланды

Түркістан және Шымкент қалаларында ескерту жарияланды

Түркістан және Шымкент қалаларында ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК мамандары еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялағанын хабарлады.  8-9 сәуір күндері Түркістан облысының кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады. Тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с, 8 сәуірде түнде екпіні 25 м/с жетеді. 9-10 сәуірде түнде ауа температурасы 0-5 градус аяз, оңтүстікте плюс 3 градусқа дейін күрт төмендейді. 9-10 сәуірде Түркістан қаласында түнгі ауа температурасы минус 0-2 градусқа дейін суытады. 8-9 сәуірде Шымкент қаласында түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. 9-10 сәуір түнде ауа температурасы 0-2 градус аязға дейін күрт төмендейді.