Елбасы Асқар Маминмен кездесті (видео)

Елбасы Асқар Маминмен кездесті (видео)

Елбасы Асқар Маминмен кездесті (видео)
ашық дереккөзі
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет басшысы Асқар Маминмен кездесті, деп хабарлайды Elbasy.kz Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті елімізде қабылданған шаралардың арқасында коронавирус инфекциясының таралу қарқыны төмендегенін айтып өтті. «Медицина қызметкерлерінің келісілген жұмысын ерекше атап өткім келеді. Қиын жағдайда құқық қорғау органдары да өз жұмысының тиімділігін көрсетуде. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар да белсенді жұмыс істеп жатыр», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындаудың маңыздылығын атап өтті. «Президенттің барлық бастамасын жергілікті халыққа жеткізудің маңызы зор. Мен бұл туралы облыс әкімдерімен телефон арқылы сөйлескен кезде де айттым», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті. Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев осы жағдайда экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне назар аударды. «Әлемдегі экономикалық ахуал күрделі. Бірақ бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша біздің елдің көрсеткіштері жаман емес. Алайда карантиннің әсері әлі күнге дейін елдің экономикалық көрсеткіштеріне толық әсер етпегенін ескерген абзал. Шағын және орта бизнесті қолдау және халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелері маңызды болып қала береді. Енді дағдарыстан кейінгі кезеңде не істейтінімізді ойластыруымыз керек. Экономика құлдырайды. Оның салдары 2008 жылғы дағдарыстан кейінгі кезеңге қарағанда анағұрлым ауыр болатын секілді», - деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қор мен Үкіметтің резервінен отандық экономиканы қолдау үшін 10 миллиард доллардың уақтылы бөлінгенін жеткізді. Өз кезегінде Премьер-Министр Қазақстанның Тұңғыш Президентіне коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат берді. Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев экономиканың шикізаттық емес секторларын дамытуға бағытталған бағдарламаларды іске асырудың өзектілігіне тоқталды. «Біздің елде бұдан да қиын күндер өткен. Біз бұл қиындықтарды да жеңеміз. Ең бастысы - халқымыздың бірлігі мен тыныштығы. Үкімет тиімді жұмыс істейді деп санаймын. Ертең мен Қазақстан халқына арналған мақаламды жариялаймын. Қазір бүкіл әлемге оңай тиіп тұрған жоқ. Аурудың шырқау шегінен әлі өтпедік. Сондықтан біз бір-бірімізді құрметтей отырып, сабыр пен шыдамды танытуымыз керек», - деп түйді Елбасы. https://www.youtube.com/watch?v=PH3dCOxyX6U