АҚШ-та коронавирустан 10 мыңнан астам адам көз жұмды

АҚШ-та коронавирустан 10 мыңнан астам адам көз жұмды

АҚШ-та коронавирустан 10 мыңнан астам адам көз жұмды
ашық дереккөзі
АҚШ-та коронавирустан қаза тапқандардың саны 10 мыңнан асты. Тек Нью-Йорктің өзінде соңғы 24 сағатта 500-ден астам адам көз жұмып, вирус құрбандарының жалпы саны 5 мыңға жуықтаған, деп хабарлайды РИА Новости. Жалпы коронавирустан болған өлім көрсеткіші бойынша Америка әлем бойынша Италия мен Испаниядан кейін үшінші тұр. Ал ел аумағында тіркелген науқастар саны жөнінен бірінші орында. Елде 367 мың азамат инфекцияға шалдыққан. АҚШ билігі Құрама Штаттардың Перл-Харбор және 11 қыркүйек оқиғаларымен тең келетін жағдайға дайын болу керегін айтады. Яғни алдағы уақытта вирус құрбандарының саны еселеп артуы мүмкін. Қазіргі уақытта жергілікті биліктің пәрменімен америкалықтардың 90 пайызы үй карантинінде отыр. Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 670 адамға жетті. Індет жұқтырғандар көбі (222) Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген. Бүгінде кеселге шалдыққандардың 46-сы емделіп шықты. 6 науқас көз жұмды.