Шымкентте коронавирус жұқтырған азамат жетісайлық науқаспен бір пойызда болған

Шымкентте коронавирус жұқтырған азамат жетісайлық науқаспен бір пойызда болған

Шымкентте коронавирус жұқтырған азамат жетісайлық науқаспен бір пойызда болған
ашық дереккөзі
Шымкент қаласында ​ 5 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 1 жағдай тіркелді. Бұл туралы қаладағы төтенше жағдай штабы хабарлады. "Қаладағы Желтоқсан көшесінің тұрғыны 24 жасар азамат, Жетісай қаласынан тіркелген науқаспен 23 наурызда Петропавл-Қызылорда пойызымен бірге келіп, байланыста болғандықтан 2 сәуір күні оқшауланып, провизорлық стационарға жатқызылған. Тест сынамалары инфекцияға оң нәтиже көрсеткендіктен 5 сәуірде жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Науқастың жағдайы қалыпты" - делінген хабарламада. Қазіргі таңда қажетті қауіпсіздік шаралары жүргізіліп, қаладағы Желтоқсан көшесі, 3 А үй карантинге жабылды. Науқаспен байланыста болған 7 адам анықталып, олар да оқшауланды (оның бесеуі отбасы мүшелері). Бүгінде қалада жалпы коронавируспен 14 адам тіркелді.