Атырауда коронавирусқа шалдыққан науқас медбикеге кесел жұқтырды

Атырауда коронавирусқа шалдыққан науқас медбикеге кесел жұқтырды

Атырауда коронавирусқа шалдыққан науқас медбикеге кесел жұқтырды
ашық дереккөзі
Атырауда коронавирусқа шалдыққан 28 жастағы науқас 2 адамға кесел жұқтырған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.  Басқарма мәліметінше, 34 жастағы медбике мен 21 жастағы науқас 1 сәуірге қараған түні коронавируспен ауруханаға жатқызылған 28 жастағы әйелмен байланыста болған. Қазір олар инфекциялық стационарда емделуде, олардың жағдайы тұрақты.  Бұған дейін Қызылқоға ауданының 28 жастағы тұрғыны ЖРВИ айқын белгілерімен облыстық аурухананаға жүгінген. Одан алынған тест нәтижесінде Соvid-19 инфекциясы анықталып, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар оқшауланған. Ал медициналық мекеменің ғимараты дезинфекцияланған.