Ұлыбританияда коронавирус құрбандарының саны 2352-ге жетті

Ұлыбританияда коронавирус құрбандарының саны 2352-ге жетті

Ұлыбританияда коронавирус құрбандарының саны 2352-ге жетті
ашық дереккөзі
Ұлыбританияда бір тәулік ішінде 563 адам коронавирустан көз жұмды. Елде індет құрбандарының жалпы саны 2352-ге жетті. Бұл туралы Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Соңғы дерек бойынша, мемлекетте 152 979 адам тестілеуден өтіп, 29 494 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды. Бір тәулік ішінде елде кеселге шалдығудың  4324 жаңа дерегі тіркелген.  Соңғы екі тәулікте Ұлыбританияда індет жұқтырғандар мен кеселден көз жұмғандардың саны шарықтап кетті. Айта кетейік,  Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 375 адамға жетті. Нұр-Сұлтан қаласында - 184 адам, Алматы қаласында – 84 адам, Қарағанды облысында - 14 адам, Ақмола облысында - 19 адам, Атырау облысы - 16 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 9 адам, Ақтөбе облысында - 4 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 3 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 25 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 5 адам, жалпы 375 науқас індет жұқтырған.